08 Сәуір, 2021 NEWS
Фото: syrboyi.kz
Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі мен Қызылорда қалалық мәслихатының келісімдері бойынша облыс әкімінің 2021 жылдың 8 сәуірдегі өкімімен Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы тағайындалды" делінген хабарламада.
Бұған дейін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев премьер-министр кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалғаны хабарланған.
Ғанибек Қазантаев 1960 жылы Қызылорда облысында туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы" және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "мұнай және газ кеніштерін игеру" мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1980 жылы Жалағаш аудандық 9-шы жылжымалы механизацияланған колоннаның мастері ретінде бастаған.
1983-1992 жылдары Қызылорда облысындағы құрылыс ұйымдарында мастер, аға жұмыс өндіруші, өндіріс-техникалық бөлімінің бастығы, 3-ші ауданаралық мамандандырылған жылжымалы механизацияланған колоннаның бас инженері.
1992-2013 жылдары «Нефтегазстрой Кызылорда» корпорациясының президенті, «Ай-Дан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары, «ССК «Ақмешіт» акционерлік қоғамының президенті, «Ай-Дан Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры, «Сырдариямұнай» акционерлік қоғамының бас директоры, «Транснефтьсервис» БК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, «Kazpetrol Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры.
2013-2019 жылдары Сырдария ауданының әкімі қызметін атқарған.
2019 жылғы қыркүйек айынан бастап ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір