• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Қараша, 00:55:32
Алматы
+12°

Диссертациялық кеңестердің жұмысына қатысты нормативтік-құқықтық актілерге тиісті түзетулер енгізілді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.

– Енді диссертациялық кеңестердің құрамы халықаралық тәжірибені ескере отырып жасақталады. Докторанттың зерттеу тақырыптары әр алуан болғандықтан, диссертациялық кеңес мүшелерінің жартысы уақытша тағайындалатын болады.

Енді кеңес мүшелері, қорғау қорытындысы бойынша диссертациялық кеңес PhD дәрежесін беру (1), PhD дәрежесін бермеу (2), диссертацияны қайта қорғауға жіберу (3) немесе докторант жұмысын пысықтауға жіберу (4) сынды шешім қабылдай алады, – деді министр.

Сондай-ақ биылдан бастап, кейбір докторанттар диссертациялық жұмысты жазбай-ақ ғылыми атақты қорғай алатын болады. 

– Ғылыми жұмысты қорғау процедурасы интернет желісі арқылы тікелей эфирде жүргізіледі. Яғни диссертацияны қорғау рәсімі толығымен ашық форматта өтеді. Докторанттың диссертациясы толық дайын болған кезде кафедраның кеңейтілген отырысында ғылыми жұмыс бір рет талқылаудан өтеді.
 
Ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орындары үшінші жыл қатарынан PhD дәрежесін өздері тағайындап, жеке үлгідегі дипломдар беріп жатыр. Енді ұлттық жоғары оқу орындары докторанттардың жарияланымдарына өз шешімдері бойынша, қосымша, жоғары талаптар қоя алады. Енді ел азаматтары диссертацияны онлайн форматта қорғай алады, – деп айтты Аймағамбетов.
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір