• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:42:26
Алматы
+12°

Биыл ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдерінің алдында барлық көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізу бойынша нақты міндет тұр. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин айтты.

– Көктемгі егіс жұмыстарын сапалы әрі уақтылы жүргізу елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі. Былтыр пандемияға қарамастан егіс жұмыстары өте жоғары деңгейде жүргізілді. Агротехнологиялар дәл сақталып, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдары уақтылы салынды. Бұл мол астық жинауға мүмкіндік берді, – деді үкімет басшысы.

Маминнің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуға ерекше назар аудару керек.

– Биыл үкімет көктемгі егісті қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажет шешімдерді қабылдады. Бюджеттік кредит берумен қатар биылғы жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген қаражаттың көлемі 24,5 млрд теңгеден 45,3 млрд теңгеге дейін артты.

Сондықтан осы механизмді пайдалана отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуға ерекше назар аудару керек. Жалпы ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңірлер әкімдерінің алдында барлық көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізу бойынша нақты міндет тұр. Осы мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын. Экология министрлігі ауыл шаруашылығы министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, республиканың оңтүстік өңірлерінде, оның ішінде ұзақ мерзімді перспективада суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдансын, – деді Асқар Мамин.

Премьер-министр өңірлердің әкімдеріне ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін тізбелер мен субсидиялар нормаларын бекіту жұмысын бір апта ішінде аяқтау, энергетика министрлігіне бекітілген кесте мен бағалар бойынша егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынының қажетті көлемін жеткізуді қамтамасыз ету тапсырды.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір