• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 22:03:05
Алматы
+12°

Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда Демократиялық партия бастамашыл тобы мен оның жақтастарының Қытай экспансиясына қарсы митингі басталды.

Митингке Алматы әкімдігі рұхсат берген. Алайда оқиға орнында жүрген Қамшы тілшілері алаңды арнайы жасақ пен полиция қызметкерлері Достық және Қонаев көшелері жағынан жауып тастағанын, алаңда интернет істемейтінін, 4 адамды автозагқа салып алып кеткенін айтады.

Демократиялық партия бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамай Қамшы тілшісіне бұдан бөлек тағы 6 адамды ұстағанын жеткізген.

Фото: qamshy.kz

Жанболат Мамай ұсталған жақтастарына араша түспек болғанымен, арнайы жасақ өкілдері оған мұрсат бермеген. Бұл жағдайға пікір білдірген ол "заңды митинг бола тұра билік заңсыздыққа барып отыр" дейді.

Митингке шыққандардың қолдарындағы плакаттарда "Қытай елшісі елші ме, жаушы ма?", "Үкімет Қазақстанды саудаға салмақ", "Қытай экспансиясына жол жоқ", "Қытай, жерімізге көз салма", "Жеріңді қорғамасаң, "жер" боласың", "Қытай экспансиясы тәуелсіздіктен айыру", "Жер сатылмайды, жалға берілмейді", "Саңырау президент керек емес", "Ұлтарақтай болса да, атақоныс жер қымбат" деп жазылған.

Фото: qamshy.kz

Осы күні шетелдегі оппозиционер Мұхтар Әблязов та жақтастарын бірнеше қалада митингке шығуға шақырған. Алматыдағы митинг орны ретінде ол да Шоқан Уәлиханов атындағы алаңды белгілеген.

Демпартия белсендісі Дәурен Достияров алаңда 400-ге жуық жақтастарының жүргенін айтады. Сондай-ақ ол алаңға келе жатқан белсенділердің жолда ұсталғаны туралы хабар жетіп жатқанын жеткізді.

Қамшы тілшісі де бұл жолғы митингке бұған дейінгі акцияларға қарағанда көп адамның жиналғанын байқаған.

Оқи отырыңыз:

♦ Алматыдағы митинг. Наразы топқа белгілі оппозициялық журналистер қосылды

♦ Жанболат Мамай: Қазақ жерінде Қытайдың 56 зауытының құрылысын жүргізуге қарсымыз!

Құндызай Өтеген

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір