• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 15:07:29
Алматы
+12°

Жер мәселелері жөніндегі заңгер Бақытжан Базарбек жергілікті жерлердегі атқарушы органдар тұрғынүй салуға арналған жер учаскелерін сатуды тыю үшін Жер кодексінің 97-бабы 3-тармағына өзгеріс енгізу керектігін ұсынды.

Оның айтуынша, Жер кодексінің 97-бабы 3-тармағына сәйкес, шаруа-ферма қожалығы жерлерінің нысаналы мақсатын жеке тұрғынүй құрылысы мен жеке қосалқы үй шаруашылығы үшін ауыстыруға тыйым салынған. Бұл норма жұмыс істегенімен, 97-баптың 3-тармағын айналып өтудің амалы табылған.

– Жергілікті атқару органдары мен әкімдіктер нысаналы мақсаты бойынша шаруа-ферма қожалығы жерлерін саяжай құрылысы мен бағбандыққа айналдыру арқылы нысаналы мақсатты ауыстырып жатыр. Бұған Жер кодексінде тыйым салынбаған. Заңдағы осы олқы тұсты пайдаланып, жергілікті атқару органдары Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының маңындағы мыңдаған ауыл шаруашылық алқаптарын тұрғынүй салуға, яғни саяжай құрылысына, бағбандыққа ауыстырып жатыр, – деді ол жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында.

Заңгер осы факторларды негізге алып, жер реформасы жөніндегі комиссия арқылы Жер кодексінің 97-бабы 3-тармағына өзгеріс енгізіп, шаруақожалығы жерлерінің нысаналы мақсатын ауыстыруды тоқтатуды ұсынды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жер мәселесі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір