• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:34:51
+12°

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының тұрғыны Тимур Базаров әлеуметтік желіде маска кимеген дәрігерлердің видеосын жариялады, деп хабарлады Мой город сайты. 

Сайт мәліметінше, оқиға 16 наурызда болған. Видеода Бөрлі аудандық ауруханасына келген Тимур Базаров анасының сол медицина мекемесінде екенін айтқан. 

– Бұл видеоны өзім түсірдім. Терапевтер дұрыстап түсіндіре алмады. Анам инсультпен ауырып тұрса да, ауруханадан шығарғылары келді. Сондай-ақ науқаспен дөрекі сөйлесті, – дейді Тимур Базаров.

Әлеуметтік желі қолданушылары видеоны қызу талқылап, посттың астында жүздеген пікір қалдырған.

– Осы себепті біз қызыл аймақта тұрмыз. Өйткені дәрігерлерге бәрібір, маска режимі сақталмайды және арақашықтық та сақтамайды, – деп жазды Нина Сударушкина.

–  Медицина мекемелерінде видео түсіруге тыйым салу туралы заңды негізде бұйрық бар. Медицина қызметкерлерімен дөрекі қарым-қатынас үшін ол да жазаланады, – деді тағы бір комментатор.

Денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

–  Екі медицина қызметкерінің бетперде тақпағандары анықталды. Оларға тәртіптік жаза қолданылады. Бірақ дәрігерлерді видеоға түсіруге тыйым салынған, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Қалибеков.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір