• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:56:21
Алматы
+12°

Алматы облысында жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

16 наурыз сағат 16:17-де жедел жәрдем бекетіне Есік қаласына қарасты Саяжайға шақырту түседі. Оған 23-бригаданың 22-қосалқы станциясының фельдшері С.А.Елекенов шығады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты команда шақырылған жерге 16:32-де жеткен. Жедел жәрдем жеткенше науқас қайтыс болған.

Фельдшер Елекенов пен жүргізуші Молдахметовтің айтуынша, науқасқа келгенде оларды ер адам агрессивті түрде қарсы алған. Науқасты тексерген фельдшер оның өлімі туралы мәлімдеген. Әкесінің қайтыс болғанын естіген ер адам пышақ алып, дәрігерлерге қарай жүгірген. Марқұмның туыстары мәйітті көлікке күштеп салған.

Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы ауруханасына келген кезде марқұмның ұлы қызметкерлерді балағаттап, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Молдахметовтің бетінен ұрып, тағы бірнеше соққы жұмсаған. Таяқ жеген жүргізушіге оқиға орнында медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды. Қазір аталған жағдаймен құзырлы органдар тергеу жұмыстарын жүргізуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір