• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 16:46:17
Алматы
+12°

Талдықорғандағы мейрамхналарды тексеріп, айыппұл салған азамат алаяқ екені анықталды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

Алматы облысының полиция қызметкерлері өзін мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырып, мейрамханаларға барып, карантин шектеулерін бұзғандарды "анықтап", ақша бопсалаған 27 жастағы азаматты ұстаған. 

Тергеу барысында күдікті бірнеше мейрамханаға барғаны анықталды. Оның мемлекеттік қызметке қатысы барын растайтын құжат табылмаған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір