04 Наурыз, 2021 NEWS
Фото: Видеодан скриншот
Өскемен қаласындағы "Арман" балабақшасында тәрбиеші балаларға қол көтергені видеоға түсіп қалған. Аталған дерек бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемесінің басшысы мен тәрбиешісі еңбек кодексінің 52-бабы бойынша жұмыстан қуылып, сотқа дейінгі тергеу басталды, деп жазады Noks.kz сайты.
Тәрбиешінің балаларды сабайтыны кездейсоқ анықталған. Балалар біртіндеп балабақшаға барудан бас тартып, іс-әрекеттері өзгергенін байқаған ата-аналар бір нәрседен күдіктеніп, бейнебақылау камерасын қараған.
Видеодан балабақша қызметкері баланы жұлқылап, еденге құлатқаны, жылаған бала қашуға әрекеттенгені көрінеді.
Мектепке дейінгі мекемеде болып жатқан жағдайға жаға ұстаған ата-аналар тиісті орындарға шағымданған.
Қазіргі таңда шағым бойынша қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-тармағына (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір