• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 13:45:33
Алматы
+7°

Фото: Серік Әбікеннің facebook парақшасынан

Белгілі тележурналист, 2020 жылғы 18 мамырда қайтыс болған Бейсен Құранбектің әжесі өмірден өтті. Қайғылы қазаны журналист, Бейсен Құранбектің әріптес-досы Серік Әбікенұлы хабарлады.

"Ғасыр жасаған, аштық, қуғын көріп аман қалып, бір әулеттің саясы болған апамыз қайтты. Бейсекең өстіп құшақтап, "Апа-ау, ақынның баласы келді!" – десе қос қолын созып маңдайдан сүюші еді. Одан кейін бата беретін. Баршаның тілеуін тілеп отыратын. Апа үшін Бейсені командировкада жүр... Ертең сағат 10.00-де, Қызылжар ауылында жаназасы шығарылады. Иманды болыңыз, апа!" делінген журналистің желідегі жазбасында.

Былтыр Құранбектер әулеті үшін ауыр жыл болды. Алдымен Бейсен Құранбек дүние салып, қырқы болатын күні өмірге әкелген анасы, қыркүйек айында әкесі қайтыс болды. Енді міне, журналистің әжесі бақилық болып отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бейсен Құранбек

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір