• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:24:44
Алматы
+12°

Маңғыстау облысы Үштаған ауылындағы Егіздер көшесі бар. Бүгінде онда жеті бірдей егіз тұрады, деп хабарлайды "Еуразия бірінші" арнасы.

– Бұл енді Алланың берген сыйы шығар бізге. Тұқымымызда бар. Ауылымыздың ауасы таза, жері құнарлы. Сондықтан егіздер көп туады деп ойлаймын, – деді егіздердің бірінің анасы Бибігүл Аманқұсова.

Бибігүл мен жұбайының да тұқымдарында егіз болғандықтан, бұл нәрсеге қалыпты құбылыс ретінде қараса керек. 

– Басқа ауылдарда егіздер бірен-саран. Әрі кетсе 3-4 ғана. Біздің ауылда екі үйдің бірінде егіз туады деуге болады. Соның арқасында аядай ғана ауылда 30-дан астам егіз бар. Бізге дейін де солай болған, – деді егіздің сыңары Бексұлтан Нұрмұқанов.

Бексұлтанның Нұрсұлтан деген ағасы, Гүлмира мен Гүлзира есімді екі әпкесі бар. Яғни, бір әулетте екі бірдей екі егіз туған.

Берекелі жанұяда егіздер әр жарты ғасыр сайын дүниеге келеді екен. Атасы, әкесі, тіпті балаларының да егізі бар. Ал жұптары жазылмаған жандардың бірі ауыра қалса, екіншісі сол күйге түсетін көрінеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір