• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Қараша, 02:58:07
Алматы
+12°
Алматы қаланың әкімі Бақытжан Сағынтаев қоршаған ортаға техногенді жүктемені азайту жұмыстарына байланысты жоспар туралы айтты.
 
"Қоғамдық және коммуналдық автопарктерді экологиялық таза отынға ауыстыру жұмысымен қатар транзиттік жүк көліктерінің қозғалысын шектеу мүмкіндігін де зерделейміз. Жүргізілген мониторинг бойынша қалаға тәулігіне 17 мыңнан астам жүк көлігі кіретінін көрсетті. Бұл мәселені жан-жақты зерделеу үшін Полиция департаменті мен Жасыл экономика басқармасының қызметкерлері, сарапшылар қауымдастығы, сондай-ақ көлік пен коммуникация ҒЗИ мамандары тартылды. Қазіргі уақытта ластаушы қалдықтың көлемі, маршрутты әзірлеу мен өткізу қабілетін есептеу бойынша зерттеу жүргізілуде. Нәтижесінде мегаполистің экологиясы жақсарады" делінген әкімнің facebook-тегі жазбасында.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір