15 Ақпан, 2021 NEWS
Фото: tengrinews.kz
Парламент мәжілісінің ең жас депутаты Мәди Ахметов facebook парақшасында 1 айда атқарған жұмыстары туралы жазды.
Оның айтуынша, бүгін қызметке кіріскеніне тура 1 ай болған. Осы аралықта "Экология мәселелері және табиғатты пайдалану" комитетіне мүше болып, заң жобалары бойынша үш жұмыс тобына кірген.
– Өткен аптада zoom арқылы Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде 7 аймақтан 15 азаматты қабылдадым. Қабылдау барысындағы өтініштердің басым көпшілігі әлеуметтік салаға қатысты. Атап айтқанда, жұмысқа орналастыру, үй мәселесін шешу, квота арқылы ота жасау, мүгедектігі бар азаматтардың жағдайын жақсарту, ауылдағы интернет мәселелері көтерілді.
Сонымен қатар, арыз берушілер жергілікті мемлекеттік органдардың азаматтардың мәселелерін шешудегі немқұрайлығын жеткізді. Қабылдаудың қорытындысы бойынша арнайы хаттама әзірленіп, әр өтініш бақылауға алынып, жауапты мемлекеттік мекемелерге жолданды.
Сондай-ақ Nur Otan партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ақпан айында бірқатар Үкімет мүшелері де азаматтарды қабылдайды, – деп жазды депутат.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір