15 Ақпан, 2021 NEWS
Фото: көрнекі сурет
Елдегі ІІМ қарасты Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов заңсыз онлайн несиелер қалай рәсімделетінін онлайн режимдегі брифингте айтты.
Айтуынша, интернет алаяқтарды анықтау үшін биылғы 9-11 ақпан аралығында «Anti-Fraud» операциясы өткізілген. Нәтижесінде 300-ден астам қылмыс тіркеліп, бұрын жасалған 289 алаяқтық қылмыс ашылған.
Алаяқтықтың көп тіркелеген түрі – интернет алаңдарда тауар сату немесе қызмет көрсету. Сондай–ақ банк карталары мен депозиттердегі қаржыны заңсыз иемдену үшін жеке мәліметтерді алудың басқа да тәсілдері тіркеліп жатқанын айтты.
–Шымкент қаласының тұрғыны әлеуметтік желілерде табылған жеке құжаттар туралы хабарландыруларды іздеген. Жеке куәлік фотосуреттерінен тиісті мәліметтерді алғаннан кейін, түрлі облыстар тұрғындарының атына 50-ге тарта онлайн несие рәсімдеген, - деді Қ. Нұрмағамбетов.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір