14 Ақпан, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанның бір облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймағында тұрғанын хабарлады.
Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Ақмола облысы "қызыл" аймақтан шықты. Қазір тек Павлодар облысы ғана "қызыл" аймақта тұр.
Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары "сары" аймақта.
Ал қалған барлық өңір "жасыл" аймақта.
Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан "жасыл" аймақта тұр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір