12 Ақпан, 2021 NEWS
Фото: көрнекі сурет
"ҚТЖ" ҰК" АҚ Балқаш жол дистанциясының басшысы ұсталды, деп хабарлады бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.
"Бас көлік прокуратурасы және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің бірлескен іс-шаралары нәтижесінде "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалының лауазымды тұлғаларының заңға қайшы әрекеттері анықталды.
Ағымдағы жылғы 10 ақпанда "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалының Балқаш жол дистанциясының бастығы Т. есімді азамат ұсталып, кейін сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды" делінген хабарламада.
Алдын ала тергеу бойынша, ол тергеу барысында анықталған лауазымды тұлғалармен бірге темір жол төсеміне күрделі жөндеу жұмыстарының жекелеген түрлерін орындамау арқылы бюджет қаражатын жымқырған. Жалпы шығын 92 млн. теңгеден астамды құрайды.
Хабарламада сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны және өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейтіні айтылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір