• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 13:53:14
Алматы
+12°

"Билік өкіліне бағынбауға шақырды" деп айыпталған аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты. Ол шетелге шығуға мүмкіндік беруін сұрады.

– Құрметті сот, мен үшін ең маңызды мәселе шетелге шығуға мүмкіндігімнің болуы. Себебі мен елімнің намысын қорғап жүрмін. Жазам қандай болса да, көнемін. Тек шетелге шыға алсам болды. Менің алға қойған мақсатым көп, – деді ол.

Сот үкімі бүгін 14:30-да шығады.

Қуат Хамитовтың үстінен қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлімі бойынша (билік өкіліне бағынбауға шақыру, жаппай құқықбұзушылыққа тарту, арандату, азаматтарға күш қолдануға шақыру) іс қозғалған. Іс Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында қаралып жатыр.

Бұған дейін Қуат Хамитов 2020 жылғы қыркүйекте әлеуметтік желіде билікке қарсы күш қолдануға шақырғаны үшін Алматы полиция департаментіне жеткізілген. Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлімі бойынша іс қозғалды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қуат Хамитов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір