• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 20:40:00
Алматы
+12°
2020 жылы ел бойынша 13 515 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 19 841 адам зардап шегіп, оның ішінде 17 844 адам жараланған, 1997 адам өлген. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

ЖКО-дан зардап шеккендер арасындағы кәмелетке толмағандардың үлесі 4321-ден (2019 жылы) 3140-қа дейін төмендеген.

Жол оқиғаларының негізгі бөлігі елді мекендерде болған. 2020 жылы елдімекендерде 10 080 жағдай тіркелген.

Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес ЖКО-ның 86%-дан астамы жүргізушілердің кінәсінен болған, оның ішінде 544 оқиға алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болған.

Статистика бойынша, соқтығысудан болатын өлім ЖКО-да қаза болғандардың жалпы санының 36%-ын құрайды және "өлім" жағдайларының саны бойынша бірінші орын алады.

Екінші орын – жаяу жүргіншіні қағып кетумен байланысты жол көлік оқиғалары.

Адамдардың қаза болуына немесе жаралануына әкеп соққан ЖКО-ның 24%-ға жуығы немесе 3245 фактісі Алматыда болған. Елордада 466 ЖКО, Шымкент қаласында 322 ЖКО тіркелген. ЖКО-ның ең аз саны Атырау – 232 және Солтүстік Қазақстан – 238  облыстарында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жол-көлік оқиғасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір