23 Желтоқсан, 2020 Барлық аймақтар
1 қаңтардан бастап Қазақстанда декларациялау жүйесі енгізіледі
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялау жүйесі енгізіледі.
Фото: zakon.kz
Жаңа жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялауға көшудің алғашқы кезеңі жүзеге асырылады – 2020 жылдың 10 желтоқсанында Президент «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Құжат нормаларына сәйкес 2021 жылдың 1 қаңарынан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялау жүйесі енгізіледі, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Салық Кодексінде жалпыға бірдей декларациялауды төрт кезеңмен жүзеге асыру қарастырылған.
2021 жылдың 1 қаңтарынан басталатын бірінші кезеңде Активтер мен міндеттер жөніндегі декларацияны жауапты мемлекеттік лауазымдағы тұлғалармен олардың жұбайлары; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген тұлғалармен олардың жұбайлары, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар тапсырады.
Бұл декларация, декларациялау жүйесіне енгізу мезетінде сол уақытқа активтердің көлемін белгілеу және одан әрі мүліктің өсімін мониторингілеу үшін бір рет ұсынылады. Жоғарыда аталған азаматтар активтер мен міндеттер туралы деректерді 2020 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша көрсетуге тиіс.
Атап айтқанда, ол бойынша құқық және (немесе) келісім-шарт шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес шетел мемлекетінің құзырлы органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік декларацияда көрсетілуі тиіс. Көрсетілетін мүлік тізіміне сондай-ақ, жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немесе) жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суларда жүзу кемелері, «өзен-теңіз» жүзу кемелері, көлік құралдары, арнайы техникалар және (немесе) тіркемелер, ҚР аумағынан тыс, шетелдік банктердің есепшотында сақталған барлық банктік салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанына дейінгі қолданыстағы ең төменгі есептік көрсеткіштің 1000 еселенген ақша қаражаты жатады.
Сонымен қатар, ҚР-ғы және (немесе) оның аумағынан тысқары жерлердегі мүліктері туралы, яғни тұрғын үй құрылысындағы үлескерлік қатысымы туралы келісім бойынша тұрғын-жайдағы үлесі; ҚР аумағынан тысқары жерлерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі, құнды қағаздар, туынды қаржы құралдары (атқарылуы базалық активті сатып алу немесе сату арқылы жүргзілетін туынды қаржы құралдарынан өзге), инвестициялық алтын, интеллектуалдық меншік нысандары, авторлық құқық туралы деректерді көрсету қажет.
Сондай-ақ, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша есептелген ең аз есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшердегі қолма-қол ақша; ҚР-дағы банктер және банк қызметі жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар алдындағы берешектерді қоспағанда, міндеттеме немесе талап туындауына негіз болатын, нотариалды куәландырылған келісімшарт немесе басқа құжат болған кезде жеке тұлғалардың біреулер алдындағы қарыздары (кредиторлық берешек) және (немесе) басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы қарыздары (дебиторлық берешек) көрсетіледі.
Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген тұлғалардың бірлік бағасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанына дейін қолданыста болатын ең төменгі есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын өнер туындысы секілді және т.б., қымбат бағалы мүлкі болған жағдайда, егер ол Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы келісім бойынша жүзеге асырылған бағалау туралы есепте айқындалған мән болса, декларация тапсырушы оны өз еркі бойынша декларацияда көрсетуге құқылы.
Мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ олар бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктерді қоспағанда.
Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңіне кіретін адамдар үшін тұрғылықты жері (келу орны) бойынша декларацияны қағаз нұсқада тапсыру мерзімі – 2021 жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей немесе электрондық нұсқада – 2021 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмеуі тиіс.
Одан әрі, активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны (250.00 СЕН) тапсырғаннан кейін, осы санаттағы тұлғалар 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл сайын кірістері мен мүліктері туралы Декларация (270.00 СЕН) тапсыруы қажет болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір