23 Желтоқсан, 2020 Барлық аймақтар
Жасанды тыныс алу аппараты Өзбекстанға контрабандалық жолмен тасымалданған
Контрабандашылардан тәркіленген жасанды тыныс алу аппараттары "Мырзакент" және "Атакент" аудандық ауруханаларының басшылығына табысталды.
Фото: tengrinews.kz
Мақтаарал ауданының прокуратурасы мен "Атамекен" кедендік бекетінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына 7 жасанды тыныс алу аппаратын контрабандалық жолмен тасымалдап жатқан тұлғаларды ұстады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Мақтаарал ауданының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Контрабандашылардан тәркіленген жасанды тыныс алу аппараттарын "Мырзакент" және "Атакент" аудандық ауруханаларының басшылығына табыстады. 5-еуі "Мырзакент" аудандық ауруханасына, 2-еуі "Атакент" аудандық аурухана балансына өткізілді.
Жасанды тыныс алу аппаратын контрабандалық жолмен тасымалдағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір