• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 14:35:24
Алматы
+35°
Бүгін премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен бірлесіп қаланың 70-тен астам ауруханалары мен емханаларының бас дәрігерлерінің қатысуымен бейнебайланыс режимінде ауқымды жиналыс өткізілді, деп хабарлады Алматы әкімінің баспасөз қызметі.
 
Ақпараттық хабарламада кездесуде қазіргі эпидемиологиялық жағдайдың өзекті мәселелері және мегаполисте COVID-19 таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралғаны баяндалған.
 
 
Ералы Тоғжанов қалада сырқаттанушылықтың өсуіне, сондай-ақ COVID-19 ПТР диагностикасының мәселесі бойынша зертханалардың жұмысын үйлестірудің маңыздылығына назар аударды.
 
– Бүгін қойылған міндеттерді бүгін қаланың бас санитарлық дәрігерімен бірлесіп талдап, қажетті шаралар қабылдауды сұраймын, – деп атап өтті Е. Тоғжанов.
 
Жиын қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов төмендегідей тапсырмалар берді:
 
- қызметкерлер саны 15 және одан да көп адамды құрайтын ұйым қызметкерлерінің 60-80%-ын қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшіру;
 
- мектепке дейінгі балалар мекемелерінде қосымша кезекші топтар, қала мектептерінде кезекші сыныптар ашуды тоқтата тұру;
 
- жексенбі күндері санитарлық күнге жабыла отырып, СОО, сауда объектілерінің жұмысын сенбі күні сағат 17.00-ге дейін шектеу;
 
- қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан нысандардың қызметіне сағат 19.00-ден 23.00-ге дейін, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, бас санитар дәрігер Қаулысының талаптарын сақтай отырып, отыратын орындар саны 50-ден аспаған жағдайда қызметіне рұқсат ету;
 
- өнеркәсіптік, құрылыс, көлік кәсіпорындарының қызметкерлерін жұмысқа жеткізу және тасымалдау үшін ұйымдарға қызметтік көлікті ұсыну;
 
- бас санитар дәрігер Қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ХҚКО жұмысын ұйымдастыру;
 
- тестілік режимде жұмыс істеу кезінде белгіленген шектеу шараларын сақтай отырып, туризм объектілерінің жұмысын жалғастыру.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір