06 Желтоқсан, 2020 Әлеумет
Фото: ашық дереккөз
Енді туды ғимараттарға, ғимарат ішіндегі пәтер балкондарында және мерекелік іс-шаралар өткізілетін жерлерде пайдалануға болады. Бұл туралы zakon.kz сайты хабарлады.
27 қарашада премьер-министр Асқар Мамин ғимараттардың қасбеттеріне мемлекеттік туды ілуге рұқсат беретін "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұран мәтінін пайдалану (белгілеу, орналастыру) ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы қаулысына өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды.
Қаулыға сәйкес, Ережеде 4-тармақтың бірінші абзацы төмендегідей көрсетілген:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын жеке және заңды тұлғаларға патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында ғимараттарда (тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда), ғимарат ішіндегі пәтер балкондарында және мерекелік іс-шаралар өткізілетін жерлерде пайдалануға (орнатуға) болады.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережелерін қайта қарау туралы ұсыныс жасаған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір