• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 20:32:38
Алматы
+12°

Қазақстанда және бірнеше елде коронавирус індеті тізгіндеуге көніп тұр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес, елдерде қабылданған шараларға байланысты коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың төрт негізгі сценарийі бар. Сонымен қатар, Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда, Сингапурде, Жаңа Зеландияда және Израильде індет бақылауға алынған.

Министрдің айтуынша, COVID-19 кезінде қабылданған шаралар нәтижесінде локдаун бір айға шегерілген.

– Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал соңғы екі айда оптимистік болжамға сәйкес өтіп жатыр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде пессимистік болжам орындалған жоқ. Бұл ықтималды локдаунды бір айға шегеруге мүмкіндік берді, – деді А. Цой.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір