12 Қараша, 2020 Барлық аймақтар
Қытай Гонконгтың тәуелсіздік алуын қолдайтындарды қудалады
Қытай сәрсенбіде жариялаған қарарда Гонконгтың тәуелсіздік алуын қолдап, Қытайдың егемендігін мойындамай, шетелден көмек сұрағандар ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп жазылған.
Фото: gazeta.ru
Қытай билігі Гонконг оппозициясысының жаппай отставкаға кетуін сынады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. Сәрсенбіде 15 оппозиция өкілі жұмыстан шығарылған төрт әріптесін қолдап, отставкаға кететінін жариялаған. Олар Бейжің "ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретіндер жұмыстан шеттетілу керек" дегеннен кейін жұмыстан босатылды.
Көбі Қытайдың бұл әрекетін Гонконгтың құқығын шектеу деп таныды, алайда Қытай мұны мойындамай отыр. Отставкаға кеткен оппозиция өкілдері бұл әрекеті арқылы Бейжіңге қарсылығын көрсетуді көздейді.
"Егер олар өз отставкасы арқылы радикалды оппозицияны арандатып, шетелдің назарын аударуды ойласа, көздеген мақсатына жете алмайтынын айтқым келеді" деді ресми өкіл.
Қытай сәрсенбіде жариялаған қарарда Гонконгтың тәуелсіздік алуын қолдап, Қытайдың егемендігін мойындамай, шетелден көмек сұрағандар ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп жазылған.
Аталмыш қарар жариялағаннан кейін Гонконг қаланың заңды кеңесінен төрт оппозиция өкілін шығарды. Ондағы 70 адамның 21 оппозиция өкілі болатын. Бейжің қарарынан кейін жұмыстан босатылған 4 әріптесін қолдау мақсатында және Қытайға қарсылық ретінде 15 оппозиция өкілі отставкаға кететінін жариялады.
Қала әкмішілгі төрт оппозиция өкілі жұмыстан босатылып қана қоймай, келесі өтетін сайлауға қатысу құқығынан айырылғанын хабарлады. Сайлау 2020 жылдың қыркүйегінде өтуі керек еді. Алайда 2021 жылға ауыстырылған.
Бейжің мен Гонконг төрт адамның заңға қайшы нақты қандай әрекет жасағандарын ашып айтпады. Жұмыстан шеттетілген төртеудің ішінде Денис Куок (Dennis Kwok) пен Алвин Иенг Нгок-кию (Alvin Yeung Ngok-kiu) бар. Олар АҚШ сенаторымен бірлесіп Гонконгқа санкция салу туралы хатқа қол қойған. Кеннез Леунг (Kenneth Leung) АҚШ-қа сапарында пресс-конференцияға қатысып, онда санкцияны қолдайтынын айтқаннан кейін оған қатысты қудалау басталған. Төртінші оппозиция өкілі Куок Ка-ки (Kwok Ka-Ki) шетелдіктерден Гонконгқа санкция салуды сұрауға ниетті болған деген желеумен қудаланды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір