08 Қараша, 2020 Барлық аймақтар
Фото: vskvremya.ru
Камала Харис АҚШ-тың тұңғыш әйел вице-президенті. Сонымен қатар, ол АҚШ тарихындағы тұңғыш қара нәсілді және тегі азияттық вице-президент болмақ.
Камал Харис Twitter парақшасында АҚШ-тың 2020 жылғы президент сайлауы мен оның нәтижесі туралы жазды.
"Бұл сайлау Джо Байденнің президент атанып, менің вице-президент атануымнан бөлек. Одан да мәні тереңде жатыр. Бұл сайлау АҚШ-тың рухын көрсетті. Сол үшін күресуге дайын екенін дәлелдеді" деп жазды Камала Харис.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін АҚШ-тың 46-шы президенті сайланды. Джо Байден жеңіске жетті. Ол өз қызметіне 2021 жылы кіріседі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір