• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:21:35
+12°

Павлодар, Петропавл облыстары мен Балқаш қаласында карантин режимі күшейтілді. Бұл туралы өңірлердің бас санитар дәрігері мәлімдеді.

Павлодар облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Батырбек Әлиев қаулысы бойынша қалаға кіріп-шығу шектеледі.

Бақылау-өткізу пунктері арқылы қозғалу үшін pvlinfo.kz сайтына тіркелу қажет. 9-13 қараша аралығында жұмыс берушінің мөрімен куәландырылған, еркін нысандағы анықтамасы болған жағдайда қалаға кіріп-шыға алады.

Қаулының толық нұсқасы мына жерде.

Солтүстік Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Т. Горлова қаулысымен 9 қарашада сағат 00:00-ден бастап, Петропавл облысының Қызылжар ауданына қатысты карантин шаралары күшейтіледі.

Қаулыға сәйкес:

1) көршілердің, таныстардың, туыстардың, әріптестердің сапарларын
шектелуге тиіс;
2) тұратын жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым
салынады;
3) қоғамдық орындарда 3 адамнан (отбасы мүшелерін қоспағанда)
кемінде 2 метр қашықтықтағы топтардың болуы шектеледі;
4) жерлеу рәсімдері кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай
отырып, 30-дан астам адамның (негізінен отбасы мүшелерінің) жиналуына
жол берілмейді;
5) респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде
(құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) жедел
медициналық көмекті 103 нөмірі бойынша шақыру арқылы медициналық
ұйымдарға бармай-ақ, үйде дереу медициналық көмекке жүгіну қажет;
6) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 23 қазандағы № 57-АӘКД қаулысының 4-қосымшасына сәйкес
«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекциямен
аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» жеке
қорғану құралдарын пайдалану және кәдеге жарату алгоритмін сақтауға,
оның ішінде:
А) қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және
демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте, медициналық немесе
мата бетперделерін кию, бес жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ әлеуметтік
қашықтықты сақтай отырып, қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу
жағдайларын қоспағанда, міндетті болып табылады;
Б) қоғамдық орындарда ашық ауада медициналық немесе мата
бетперделерін кию, бес жасқа дейінгі балаларды және екі метрден кем емес
әлеуметтік қашықтықты сақтау кезінде 5 адамнан аспайтын жеке, топтық
спортпен шұғылданатын адамдарды қоспағанда, міндетті болып табылады.
7) 65 жастан асқан адамдарға, сондай-ақ барлық тұрғындарға сағат
22.00-ден 06.00-ге дейін, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы
бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, аса қажет болмаса,
тұрғылықты жерінен кетпеуге кеңес беріледі. 

Балқаш қаласының бас санитар дәрігері Л.К.Батанаева 23 қазандағы №24 "Балқаш қаласында шектеу шараларын күшейту туралы" қаулысының күші жойылғанын хабарлады.

"Одан әрі Қарағанды облысының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес Балқаш қаласының аумағында коронавирус инфекциясының таралауын алдын алу және болдырмау шаралары бойынша шара қабылданады" делінген қаулыда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір