• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:28:29
Алматы
+12°

Қостанай облысында карантин шаралары қайта күшейтіледі. Бүгін облыс әкімдігі жанындағы жедел штаб осындай шешім шығарды, деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.

Соңғы күндері облыста эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті. Осыған байланысты covid-19 ауруының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында облыстық жедел штаб 9 қарашадан бастап 2 апта мерзімге карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдады.

Карантин талаптарына сай:

  • Қостанай қаласының периметрі бойынша блокпостар орната отырып, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдар ауданында карантин енгізіледі;
  • КВИ-мен сырқаттанушылықтың күн сайынғы өсімі 10-нан астам жағдайды құрайтын елді мекендерде санитариялық блокпосттар орнатылады;
  • ПТР анықтамасы жоқ жүк көлігі мен жолаушылардың Қостанай облысына кіруіне тыйым салынады, олар болмаған жағдайда адамдар тексеру үшін 2 күнге дейінгі мерзімге карантиндік госпитальға жіберіледі;
  • әуе қатынасы жолаушыларында теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамалардың міндетті түрде болуы  керек (берілген сәттен бастап 3 тәуліктен артық емес);
  • әуежайларға, темір жол вокзалдарына күтіп алатын және шығарып салатын тұлғаларды кіргізуге тыйым салынады (билет болған жағдайда ғана өткізіп алу);
  • темір жол тасымалдарының көлемі мен кезеңділігі қысқартылады («Қазақстан темір жолы» АҚ-мен келісім бойынша);
  • Қостанай облысы елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың жүріп-тұруы сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін шектеледі;
  • қоғамдық көлік жұмысына отыратын орын саны бойынша сағат 06.00-ден сағат 20.00-ге дейін рұқсат беру. Демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұру;
  • діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметін тоқтата тұру;
  • мәдениет объектілерінің (жеке, топтық дайындықтар), кітапханалардың, мұражайлардың қызметін тоқтата тұру;
  • жұмыс күндері сағат 08.00-ден бастап сағат 21.00-ге дейін жұмыс режимін шектей отырып, бір мезгілде 30-дан аспайтын келушілер болған жағдайда үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, сағат 21.00-ден кейінгі жұмыс тек алып кетуге және жеткізуге, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шараларды өткізбей рұқсат беру. Жексенбі және мереке күндері сағат 21.00-ден кейін жұмыс тек алып кетуге және жеткізуге рұхсат беру;
  • 08.00-ден бастап 19.00-ге дейін жұмыс режимімен алдын ала жазылу бойынша сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА-орталықтардың, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің қызметіне рұқсат беру. Жексенбі күндері тоқтата тұру;
  • жұмыс күндері алдын ала жазылу бойынша фитнес-орталықтардың, жаттығу залдарының және спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат беру, жұмыс уақыты сағат 08.00-ден бастап 19.00-ге дейін бір келушіге 50% - дан аспайтын және 5 шаршы метрден кем емес толтырылуын қамтамасыз ету кезінде. Демалыс және мереке күндері тоқтатыла тұрсын;
  • спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін кетуіне тыйым салу;
  • жерлеу іс-шараларын өткізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 20-дан астам адамның (отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының) жиналуына жол бермеу;
  • күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге тыйым салу.
  • мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 80% - ының жұмысын қашықтықтан режимге көшіру;
  • жолаушылар саны 2 адамнан аспайтын, сағат 21:00-ден 06.00-ге дейін таксидің жүріп-тұруын шектеу;
  • театрлардың, кинотеатрлардың қызметін тоқтата тұру;
  • сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер үшін жұмыс режимін 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеу.
  • азық-түлік дүкендерінің жұмыс режимін сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін шектеу;
  • термопарк жұмысын жабу;
  • демалыс және мереке күндері қалааралық қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтатыла тұрсын.

"Сіздерден жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға байыпты қарауыңызды сұраймыз. Адамдармен байланысты азайту, әлеуметтік қашықтықты сақтау, күнделікті өмірде барлық сақтық шараларын саналы түрде сақтау маңызды. Кейіннен шектеу шараларын алып тастау туралы барлық шешімдер қалыптасып отырған эпиджағдайды ескере отырып қабылданатын болады. Тек ортақ күш-жігердің арқасында біз коронавирустық инфекцияның жаппай таралуын тоқтата аламыз, өз өмірімізді және жақындарымыздың өмірін сақтай аламыз" делінген жедел штаб таратқан хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір