• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 05:30:42
Алматы
+35°

Қазақстанның эстрада жұлдыздары ел тұрғындарын карантин талаптарын сақтауға шақырып, үндеу жасауда.

"2020 жыл адамзат үшін қиындыққа, сынаққа толы жыл болды. COVID-19 індетінің ары қарамай тарамауы, оның тоқтауы өз қолымызда. Халық көп жиналған жерден аулақ болып, әрқашан бетперде тағып жүруді ұмытпаңыздар. Барлық қиындықты бірге жеңіп шығамыз, – деді әнші Жұбаныш Жексенұлы.

Ал әнші Бейбіт Көшқалиев коронавирус инфекциясынан аман-сау болу үшін адамдар көп жиналатын жерде сақтық шараларын ұмытпай, маска тағып жүру керектігін ескертеді.

"Бетперде тағуды ұмытпаңыз. Бетперде өзіңізді және отбасыңызды құтқарудың ең қарапайым тәсілі. Сіздерге, жақындарыңызға зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Аман-сау болыңыздар", – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші әрі музыкант Игорь Благодарный.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір