• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 17:41:11
Алматы
+12°

Елорда бас санитар дәрігерінің карантинді күшейту туралы жаңа қаулысы шықты. Қаулы 25 қазанда күшіне енді. Бұл туралы astana.gov.kz хабарлады. 

Жаңа қаулы бойынша ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) үйде өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге тыйым салынды. 

Міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын топпен тек ашық ауада спорттық жаттығу өткізуге болады. 3 адамнан аспайтын топтардан немесе бір отбасы мүшелерінен басқа, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығу ұйымдастыруға және қаланың көрікті жерлеріне шолу жасауға болмайды. 

Бильярд, караоке, боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, жабық ғимараттардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар, караоке, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтары, оның ішінде лотереялар ұтыс ойыны сияқты ойын-сауық мекемелеріне баруға жол бермеу қажет.

65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруына шектеу жасалды.

Бұрынғыша төмендегі талаптарды қатаң сақтау міндеттелді:

– бетперде кию;

– қашықтықты сақтау;

– антисептиктерді пайдалану.

Сонымен қатар бірқатар шектеулер енгізілді. Мәселен жексенбі күндері қоғамдық көліктердің жұмыстарына тыйым салынды, ал жұмыс күндері және сенбі күндері жұмыс кестесі сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін болады. Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының демалыс және мереке күндері жұмыстарына тыйым салынады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір