24 Қазан, 2020 NEWS
Фото: ktk.kz
Қырғызстан экс-президентінің ұлы Айдар Ақаевтың неден қайтыс болғаны анықталды. Бұл туралы РЕН ТВ порталы хабарлады.
Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың 43 жастағы ұлы Айдар Ақаев 2020 жылы 6 ақпанға қараған түні қайтыс болған. Оның денесі Мәскеу облысындағы Рублево-Успенск тас жолындағы ауылдағы үйден табылған.
Портал мәліметінше, оқиға бойынша тексеру барысында оның жүрегі алкоголь мен кокаиннен ұстап қалғаны анықталған.
Асқар Ақаев – Қырғызстанның мемлекет және саяси қайраткері, 1990 жылдан 2005 жылға дейін Қырғыз Республикасының президенті болған. Қазіргі уақытта ол Ресей астанасында ғылыми қызметпен айналысады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір