09 Қазан, 2020 Барлық аймақтар
Фото: ашық дереккөз
"Нұр-Сұлтан" мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға қарсы "Ақтөбе БелАсу" ЖШС-нің шағымын қарады. Бұл туралы Литер басылымы хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Компания денсаулық сақтау министрін халыққа кешенді медициналық қызметтер (гемодиализ процедуралары) көрсететін "Nephrolife Ақтөбе" компаниясына қатысты әрекетсіздік танытты деп айыптап, сотқа шағымданған.
Сот заңды тұлғаның апелляциялық шағымын қарау тәртібінің сақталуын тексеріп, министр тарапынан әрекетсіздік болмаған деген қорытындыға келді.
"Министрдің атына жолданған шағым, вице-министр Л.В.Бюрабековаға жіберілді. Министрлік өтініш берушіге 2020 жылдың 28 маусымында жауап берді. ЖШС лицензиясының қолданылуын тоқтату министрдің құзыретіне кірмейді" делінген хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір