• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:18:56
+12°

Қазақстандық танымал сатира актері Тұрсынбек Қабатов, көлігімен адам қағып кеткен жүргізушінің ісіне қатысты instagram-да пікір білдірді.

Қабатов оқиға осыдан бір жыл бұрын болғанын айтты.

– Ассалаумағалейкүм қазақ елі! Бүгін желіде "Тұрсынбектің көлігімен адам қақты" деп ақпарат тарап жатыр. Әркім әртүрлі айтып жатыр, сол себепті мен өзім түсіндірсем деп шештім. Үндемей отыра алмадым. Мен бұл істің басында болған жоқпын. Бұл осыдан бір жыл бұрын, 2019 жылдың қазан айында болған оқиға. Менің көмекшім, жүргізушім емес. Мен негізі рөлде өзім отырамын. Көмекшім кешке келіп, менен көмек сұрады. "Жұмыстарыммен бір жерге барып келейін деп едім" деп. Оның арты осылай аяқталатынын, шыны керек, білген жоқпын, – дейді әзілкеш.

Актердің айтуынша, көмекшісінде бұрын жүргізуші куәлігі болған, ол оны өзі көрген. 

– Ол да маған айтқан жоқ. Өзінің де көлігі бар болған. Сол уақытта сынып қалса керек. Артынан оқиғаның болғанын естідім. Төбеме жай түскендей болды. Оңай болған жоқ. Сұрастыра келе марқұм өзі кінәлі екен, кішкене ішкені бар екен, жолға жүгіріп шыққан деп жатыр. Мен марқұмның артынан жаман нәрсе айтқалы тұрған жоқпын. "Мен ол жігітке "қолыңмен істегеніңді мойныңмен көтер, мен араласпаймын" деп айттым. Біреулер "Тұрсынбек ақша берді" деді. Мен ешкімге xабарласқан емеспін. Бұл іске араласқан жоқпын. Маған қойған сұрақтарға жауап бердім. Мен оның куәлігі жоғын білмеймін. Сондықтан айтарым: қазір әртүрлі ақпарат тарап жатыр, иә, мен оның басында болмасам да көлік сенікі ғой деп кінә тағып жатқандар болса мен кешірім сұраймын. Бірақ мен ол көліктің ішінде болған емеспін. Сіздерге айтарым осы, – деді әртіс.

Тұрсынбек Қабатов instagram желісінен аталған видеоны өшіріп тастағандықтан, бейнежазба Kaskelen.kz парақшасынан алынды.

Бұған дейін Тұрсынбек Қабатовтың көлігімен кісі қағып өлтірген жүргізушісінің әлі жазаланбағаны жайлы хабарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір