06 Қазан, 2020 NEWS
Фото: Облыстың баспасөз қызметі
Қостанай облысы Рудный қаласының әкімі болып Қуандық Испергенов тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Рудный қалалық мәслихатының депутаттарымен келісе отырып, өз өкімімен Рудный қаласының жаңа әкімі Қуандық Испергеновты тағайындап, жергілікті активке ұсынған.
Қуандық Хайдарұлы Испергенов 1970 жылы 8 шілдеде Қостанай облысы Жітіқара ауданы Аққараға ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Рудный индустриалдық институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша және Қостанай әлеуметтік академиясын "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген.
Қуандық Испергенов бұрын Бейімбет Майлин атындағы аудан әкімі қызметін атқарған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір