• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 17:40:22
Алматы
+12°

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің  карантин туралы 2020 жылғы 15 тамыздағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы qamshy.kz хабарлайды. 

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері – Айжан Есмағамбетованың 2020 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысына сәйкес карантин режимі төмендегідей жеңілдеді:  

"Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" жаңа жарлыққа сәйкес (16 қыркүйекте қол қойылған) ашық және жабық кафе мен мейрамханаларға келушілер саны 30-дан 50 адамға дейін өсті.

Маска режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, ашық аспан астындағы кинотеатрларды пайдалануға рұқсат етілген.

50 пайыздан аспайтын, 50 адамнан аспайтын театрлардың қызметіне рұқсат етілді. infokazakhstan.kz порталына тіркеле отырып, маска режимін және әлеуметтік арақашықтық сақталуы тиіс. 

Сауда-ойын-сауық орталықтарында (жеке үй-жайларда) орналасқан, 50 орыннан аспайтын қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына рұқсат етілген. Алайда ұжымдық іс-шараларды өткізуге болмайды. 

Балаларды түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметіне топ 15 адамнан аспай толтырылғанда, алдын ала жазылу бойынша, карантин талаптары сақталған жағдайда рұқсат берілді.

Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат етілді. Штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болған жағдайда, қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалдырылады. 

Көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, балалар ойын алаңдары мен жабық кеңістіктегі аттракциондар, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың (ашық кинотеатрларды қоспағанда), букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынады.

Құжаттың толық мәтіні Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік комитетінің парағында жарияланған. Құжатта қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енетіні жайлы жазылған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір