08 Қыркүйек, 2020 NEWS
Фото: Qamshy.kz
Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары Марат Мұратұлы Дулат Ағаділдің асына барғандарды қандай айыппен айыпталып жатқанын түсіндірді. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен конференцияда айтты.
– Дулат Ағаділдің еске алу асына барған қоғам белсенділері онда барғаны үшін айыпталып жатқан жоқ. Олар карантин уақытында алаңға шығып рұқсатсыз митинг жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Мен нақты қанша адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын айта алмаймын. Бірақ әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтар бар, – деді Марат Мұратұлы.
Еске сала кетейік, 16 тамыздан бастап Алматы қаласының бір топ белсенділері Масанчи – Қарасай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан ІІД алдында тұр. Олардың айтуынша, Дулат Ағаділдің асына барғандарды полиция өкілдері ұстап, бөлімшеге алып келген. Үйлерінде тінту жұмыстарын жасап, ноутбук, флэшка секілді ақпарат көзі сақталған дүниелерді алған. Наразылық білдіріп жиналған топтың басты талабы – қамауға алынған азаматтардың бостандығын сұрап келген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір