• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Қараша, 02:12:58
Алматы
+12°

Қытайдың TikTok бейне қосымшасы АҚШ президенті Дональд Трамптың тыйым салуына қарсы заңды іс-әрекеттерді қабылдап жатыр. Бұл туралы BBC хабарлады.

Трамптың бұйрығымен қыркүйек айының ортасынан бастап TikTok компаниясының Америкада жұмыс істеуіне шектеу қойылмақ.

Вашингтон шенеуніктері "компания америкалық пайдаланушылар туралы деректерді Қытай үкіметіне бере алады" деп алаңдауда.

Қысқа бейне алмасу бағдарламасында АҚШ-тың 80 миллион белсенді қолданушысы бар.

TikTok тарабының уәжіне сәйкес, компания Трамп  әкімшілігімен бір жылға жуық уақыт жұмыс істеген, бірақ әкімшілік процедуралар мен фактілерге назар аудармаған.

–Біздің компаниямызға және пайдаланушыларымызға әділ қарауды сұрау үшін, біз сот жүйесі арқылы атқарушы тәртіпке наразылық білдіруден басқа амалымыз жоқ,–деді компания өкілі.

TikTok сот ісі осы аптада басталады. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: TikTok Трамп

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір