• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:20:41
+12°

12 тамызда Қарағанды облысы Балқаш көлінде Приозерск қаласынан 5 км қашықтықта 11 жастағы баласын құтқармақ болған әке суға батып кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаменті хабарлады.

Үрленетін төсенішпен жүзіп жүрген бала көл жағасынан ұзап кетіп, көмекке шақырған. Баласының айқайын естіген әке ойланбастан суға қойып кеткен. Алайда баласына жетпестен орта жолда суға батып, мерт болды.

Артынан келген құтқарушылар баланы жағаға аман-есен жеткізді. Ал ересек адамды 12 тамыздың кешінен бері іздеп, тек келесі күні ғана өлі денесін тапқан.

– Баланың әкесі құтқарушыларды күтпей көмекке жүгірген. Бірақ ол балаға жете алмады. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жағадан 850 метр қашықтыққа кетіп қалған баланы жағаға жеткізіп, ер адамды іздей бастады. Іздеу жұмыстары қараңғыға дейін созылып, 13 тамызда таңертең қайта жалғасты. Суға батып кеткен адамның денесі 12 тамызда сағат 10:40-та жағадан 350 метр қашықтықтан табылды, – деді ТЖ департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қайғылы оқиға Балқаш

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір