• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Қараша, 00:55:37
Алматы
+12°

Өңірде коронавирустық инфекция індетінің таралуы басталғалы оған қарсы күресте өндіріс мекемелері қол ұшын беріп келеді. «Ерсай» компаниясы да ел үшін қиын сәтте қарап қалмады. Сәуір айында компания Қарақия аудандық ауруханаға тепловизорлар, жеке қорғаныш киімдері мен дәрі-дәрмектер табыс етті. Сондай ақ, жуырда Маңғыстау облыстық және Қарақия аудандық ауруханаларына барлығы 6 оттегі концентраторы, 2 ЭКГ аппараты, 130 пульсоксиметр, 10 оттегі жастықшасы, 900 қорғаныш киімдер, 7500 медициналық қолғаптар, 1800 бір реттік медициналық бетперделер, 1500 КН95 респиратор жеткізді. Сондай-ақ, коронавирус пен пневмонияны емдеуге қажетті 17 түрлі дәріден барлығы 9245 дана дәрі - дәрмек берілді.

Тапсырылған медициналық заттар коронавирус пен пневмонияның асқынған түрімен ауыратын науқастар үшін бірінші қажеттіліктер. «Бұл біз үшін үлкен қолдау, себебі әкелінген медициналық құрылғылар мен дәрі-дәрмектер кез келген уақытта науқас азаматтардың өмірін сақтап қала алады» - деді Қарақия аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Гүлшара Бегнияз.
Сонымен қатар, «Ерсай» компаниясы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Олимп» ПТР тест лабораториясының қуаттылығын арттыру мақсатында қажетті автоматты жабдықты сатып алу үшін қаржылай көмек көрсету жөнінде шешім қабылдап, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын тестілеу үшін өтеусіз 10000 ПТР тест сынамасын берді. Компания өкілі Б.Чиняев алдағы уақытта да індетпен күресуде өңір тұрғындары мен медициналық мекемелерге көмек көрсетуді жалғастыратынын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір