28 Шілде, 2020 Барлық аймақтар
Көрнекі сурет
Қазақстан өңірлерінде провизорлық және инфекциялық стационарлар жабылады, сондай-ақ төсек-орындар саны қысқарады.
Аймақтар бойынша:
Ақтөбе облысы – БҚММУ жатақханасы (300 төсек-орын);
Атырау облысы – Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің жатақханасы (30 төсек), Жылыой туберкулезге қарсы диспансері (10 төсек), Атырау облыстық ауруханасы (200 төсек);
Қарағанды облысы – облыстық кардиоорталық жанындағы "Турист" қонақ үйі (100 төсек), облыстық психикалық денсаулық орталығы жанындағы ҚарМТУ жатақханасы (100 төсек);
Нұр-Сұлтан қаласы – Қалалық психикалық денсаулық орталығы (230 төсек инфекциялық стационар);
Шымкент қаласы – облыстық балаларды оңалту орталығы (100 төсек-орын) жабылады
Төсек-орын санының қысқаруы бойынша:
Маңғыстау облысы – Маңғыстау облыстық ауруханасы (150 төсектік), Жаңаөзен қалалық ауруханасы (100 төсектік), Бейнеу ауруханасы (30 төсектік), Түпқараған аудандық ауруханасы (25 төсек-орын), Маңғыстау аудандық ауруханасы (50 төсек-орын);
Павлодар облысы – "Мойылды" шипажайы" АҚ базасындағы Сұлтанов атындағы госпиталь (500 төсек-орын).
Қалған облыстар мен Алматы қаласында провизор орталықтарын жабу немесе төсек-орын санын қысқарту ағымдағы жылдың 2 тамызынан бастап жоспарлануда.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір