• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:56:23
Алматы
+12°

Сәтпаев қаласында ұрланған 5 жасар қыздың ата-анасы әлеуметтік желіде Жезқазған мен Сәтпаев қалаларының тұрғындарына үндеу жасады. 

– Бірінші кезекте біз – Сүлеймен отбасы, атап айтқанда ата-анасы Өтеубай-Манара өз атымыздан қаланың жұртшылығы мен еріктілерге қызымызды іздестіруге атсалысып, үлес қосқандары үшін алғыс білдіреміз! Айсезімнің табылуына сіздердің септіктеріңіз тиді. Айсезімге және оның отбасына білдіріп жатқан жылы лебіздеріңіз бен қолдауларыңызға рақмет айтамыз. Қазіргі күні қызымыздың жағдайы мамандар тарапынан жақсы деп бағалануда. Бізбен психологтар мен арнайы дәрігерлер күнделікті байланыста отыр. Сондай-ақ біз ҚР бала құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен де тығыз байланыстамыз. Ол өз тарапынан қажетті мамандар мен реабилитациялық емханаларды табуға, сондай-ақ адвокат пен құқықтық қорғауды ұйымдастыруға көмегін тигізіп жатыр, – деп жазылған үндеуде.

Қыздың ата-анасының айтуынша, отбасының қаржылай көмекке мұқтаждығы жоқ, барлық психологиялық және қаржылай шығынды "Қазақмыс" өтеуге уәде берген.

– Ерекше алғысымызды "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-іне білдіреміз. Компания басшылығы Айсезімді реабилитациядан өткізуге жұмсалатын шығындардың бәрін өтеуге шешім қабылдады. Сондықтан қаржылай көмекке мұқтаждығымыз жоқ, – дейді олар.

Сондай-ақ олар, жалған ақпарат таратпауды сұрады.

– Тағы бір айтарымыз: қызымыздың суретін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратуды, оқиғаға қатысты түрлі пікірлер мен жалған ақпараттарды таратуды доғаруларыңызды сұраймыз. Біз болған оқиғаны тезірек ұмытқымыз келеді. Үлкен өтініш: қаржылай қор ұйымдастыруды, түрлі жиын өткізуді тоқтатыңыздаршы! Біздің басымызға түскен қайғы басқа келеңсіз оқиғалардың себебі болуын қаламаймыз. Мұның бәрі біздің отбасы үшін ауыр соққы әрі сол қайғылы күнді ойымызға сала береді, – деді Айсезімнің ата-анасы.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір