• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:38:05
Алматы
+12°

Балқаш қаласында полиция қызметкері жасөспірім қызды зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы "Не молчи KZ" ұйымы хабарлады. 

"Оқиға 5 шілде күні Балқаш қаласында болған. Бастапқыда полиция қызметкері 14 жастағы жасөспірім қызды ұнатып қалып, өзінің арам ойын іске асырмақ болған. Ол қыздың анасына "саяжайларыңа ұры түсті, ол сендердің аулаларыңа есірткі өсірді" деп алдап, қызының нөмірін сұрап алған. Кейін құқық қорғау органының қызметкері қызға хабарласып, "сен есірткі қабылдадың" деп бопсалаған. Полицей  жасөспірім қызға "әкеңді 10 жылға түрмеге қамайды" деп қоқан-лоққы көрсетіп, өзінің дегеніне көндірмек болады.

Полицей 5 шілде күні WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып, қажетті құжаттарға қол қою керегін айтып, кездесуге шақырады. Жасөспірім қыз қорыққанынан өзі тұратын үйінің мекенжайын айтқан. Полицей үйіне келіп, жасөспірімге есірткі қабылдағаны туралы мойындау хат жазғызып алады. Содан соң оны жыныстық қатынасқа итермелеп, болған жәйт туралы  ата-анасына айтпауға уәде бергізеді" делінген "Не молчи KZ" ұйымының Facebook-тағы жазбасында. 

Ұйым өкілдерінің айтуынша, барлық жазба мен қоңыраулар сақталған.

"Жасөспірім қыз бір апта бойы үндемейді. Содан 12 шілдеде үлкен әпкесіне көрші полицейдің бопсалап, зорлағанын айтып береді. Кейіннен анасы Балқаш қаласының полициясына арыз жазған. Алайда полиция істі қозғаудан бас тартып отыр. Олар өз қызметкеріне қатысты іс қозғай алмайтынын айтып, құжаттарды Қарағанды облыстық полиция департаментіне жолдады.

Жәбірленушіге ешқандай да сараптамалық анализ сынды тексерістер жүргізілмеген. Бірақ полицей болған оқиғадан кейін 13 шілдеде жұмыстан қуылған. Кейін полицей қыздың анасынан арызды қайтарып алуды сұраған.  Ол қызға өткен жылы 14 жасында  (қазір қыз 15 жаста) ғашық болып қалғанын және отбасында жалғыз асыраушы екенін айтқан.

"НеМолчиKZ" қорының өкілдері қыздың анасынан өтініш алды және енді біз Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығынан осы қылмыстық істі өз бақылауына алуын және өзінің қызметтік лауазымын пайдаланып, ауыр қылмыс жасаған күдікті педофилді жауапқа тартуды талап етуіңізді сұраймыз" делінген ұйымның желідегі жазбасында. 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір