• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:01:52
Алматы
+12°

"5 жасар қыздың ұрланғанына байланысты халық көтеріліп жатыр" делінген Сәтбаев қаласында жағдай тұрақтанды. Оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек бара жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдік таратқан хабарламаға қарағанда 23 шілде  күні сағат 21.00-де Сәтбаев қаласының полициясына Жезқазған қаласының тұрғыны хабарласып, өзінің 5 жасар қызының жоғалғаны туралы хабарлаған. Артынша полиция мен еріктілер іздестіріп, бала көп қабатты үйден табылған. Қыз бала ауруханаға жеткізілген, күдікті ұсталған. 

Алайда ұсталған азаматтың үйінің жанында күдіктіні қолына беруді талап еткен бір топ адам жиналған. Әкімдік осыған байланысты құқық қорғау органдарының қызметкерлері  жұмылдырылғанын хабарлады. 

Әкімдік мәліметінше, қазіргі уақытта қаладағы жағдай тұрақтанған, адамдар оқиға орнынан тараған. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Сәтбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір