• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:25:52
Алматы
+12°

Алматыдағы орталық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімі меңгерушісі Мыңжылқы Бердіқожаев Азаттыққа берген сұхбатында коронавирус пен пневмонияны қоса есептегенде 500 мыңдай адамның вирус жұқтырғанын айтты.

"Қазір коронавирус, пневмония бәрін қосқанда шамамен 500 мыңдай адам [вирус] жұқтырды. Ауырып жатыр, ауырып шыққаны бар. Үйден емделдім, емделіп жатырмын дегенді көп естиміз. Дәріні жаппай сатып алды. Ресми 150-200 мың деген санды сенімді түрде үшке көбейте беруге болады. Күзде бірнеше миллионға баруы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі инфекциялық стационардағы өкпені желдететін бір мың аппаратты алты есе көбейтуді жоспарлап отыр. Егер бір мезетте 100 мың адам ауырса, соның алты мыңы жасанды тыныс алу аппаратына мұқтаж болады. "Соғыс жағдайына" дайын болуымыз керек",- деді маман.

Соңғы ресми ақпаратқа сәйкес, елде коронавирус жұқтырғандар саны 71 838 адамға жетіп отыр. Осы уақытқа дейін олардың 43 029-ы ауруынан жазылып шықты. Ал 375 адам індеттен көз жұмды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір