• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:25:15
Алматы
+12°

Қызылорда облыстық полиция департаменті тұрғын-үй кешені алдында полиция қызметкерлерімен болған жанжалға қатысты түсінік берді. Департаменттегілердің сөзінше, жасөспірімдердің арасында басталған төбелес полиция қызметкерлерімен жанжалға ұласқан. Оған ересектер араласқан.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 шілде күні таңертең Қызылорда полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне көпқабатты үйдің ауласындағы төбелес туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына келген полиция экипажы кәмелет жасқа толмаған балалардың төбелесіп жатқанын анықтады. Полиция қызметкерлері оларды ажырата бастады. Дәл осы уақытта оқиғаның анық-қанығын білместен ересектер келіп заңға бағынбай, қызметкерлерге кедергі жасады" делінген ПД мәлімдемесінде. 

Анықталғандай жасөспірімдер ағайынды болып шықты. Біреуінің жасы 13-те, екіншісі 17-де.

Аталған дерек бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 2-тармағы (ұсақ бұзақылық) негізінде әкімшілік хаттама толтырылған.

Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің әкесіне қатысты қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-тармағы (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Бұған дейін желіде Қызылордада полиция қызметкерлерінің үй ауласында әлдекімдерді сүйреп, көлікке күштеп отырғызбақ болған видеосы тараған. Видеодан оқиғаға үлкендер араласып, жанғалға ұласқанын көруге болады.

 ♦ Оқи отырыңыз: "Гүлшара Әбдіхалықова мынаған не дейсің? Полиция халықты малша сүйреп жатыр" (видео)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір