13 Шілде, 2020 NEWS
Фото: inform.kz
Қазақстан президенті Қ Тоқаевтың өкімімен 2020 жылдың 13 шілдесінде коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтар туралы еске алу үшін Қазақстан Республикасында Ұлттық аза тұту күні деп жарияланған.
Осы ретте Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады.
Сондай-ақ елдегі мешіттер мен медреселерде құран хатым дұғасы оқылады.
Соңғы дерек бойынша Қазақстанда 375 адам коронавирустан қайтыс болған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір