• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Қараша, 21:32:15
Алматы
+12°

Белгілі журналист Серік Әбікенұлы әлеуметтік желідегі парақшасында  «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметіне бұрын соңды бұл саладан хабары жоқ адамның басшы болып келгенін жазды.

– Бақташыға гүл ектіріп, бағбанға мал бақтырған, шабанды аламанға қосып, жүйрікпен қой қайырған, етікшіні ұстаз етіп, ұстазға етік тіктірген есерлік қашан тоқтар екен. СК-Фармацияға дәрінің исі мұрнына бармайтын тағы бір адам басшы болыпты. Премьердің мақүлдауымен дейді. 14 маусымнан бері изоляцияға кетіп, елдегі ахуалды асқындырып алған Мамин мен мем комиссияға жетекшілік етіп мандытпаған Тоғжановтар жүрген үкімет жағдайды түземей жатып адам отырғызумен айналыспағаны жөн еді. Оның үстіне Ерхат Есқалиев СҚ-Фармацияның бақылау кеңесіне мүше боп келген. Демек дәрі-дәрмек тапшылығына жауаптылардың бірі, – деді Серік Әбікенұлы.

Бүгін премьер-министрдің келісімімен Есқалиев Ерхат Серікұлы «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған болатын.

Бұған дейін «СҚ-Фармация« ЖШС-ның басқарма төрағасы қызметін Шәріп Берік Шәріпұлы атқарды.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір