04 Шілде, 2020 NEWS
Әл- Жазира
Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди Қытай әскерлерімен төбелес кезінде қаза тапқан сарбаздарға құрмет көрсетіп шекара аймағындағы Ладах аймағына барды. Бұл туралы Қамшы тілшісі Әл-Жазира телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
– Экспансионизм дәуірі аяқталды, бұл даму ғасыры. Тарих экспансионистік күштердің жоғалғанын немесе кері бұрылуға мәжбүр болғанын куәландырады, – деді Моди даулы аймаққа жасаған алғашқы сапары кезінде. Қытаймен шекараласатын Лахад аймағында кемінде 20 үндістандық солдат қаза тапқан. Бірақ олардың аты-жөндері аталмады.
Үндістанның премьер-министрі Ладах аймағының базасындағы әскерлермен кездескен.
– Сіздердің батылдықтарыңыз бәрінен жоғары. Сіздер және сіздердің отандастарыңыз көрсеткен ерлік әлемге Үндістанның күшін көрсетті, – деген ол Ладахтағы сарбаздарға арнаған сөзінде.
Модиді Үндістан қорғаныс штабының бастығы генерал Бипин Рават және армия бастығы генерал Манож Мукунд Нараване ертіп жүрген.
Үндістан мен Қытай сарбаздары 15 маусымда Галван аңғарында қақтығысқан. Нәтижесінде 20 үндістандық әскери қаза тауып, кем дегенде 76 адам жараланған.
Бұл шамамен соңғы 50 жылдағы ең ауыр шекаралық қақтығыс деп сипатталуда.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір