• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 22:08:23
Алматы
+12°

Заңгер Ләззат Кендебайқызы белгілі журналист Қуандық Шамахайұлының мәйіті коронавирусқа тест тапсырмай туыстарына берілмейтінін айтты. Бұл туралы facebook парақшасында жазды. 

"Қуандық Шамахайұлы аға қайтыс болған 1 қалалық ауруханадамыз. Ішке кіргізбейді. Дәрігерімен телефон арқылы сөйлестік. Ковидке тапсырылға анализ дайын болмай, мүрдені бере алмаймыз дейді. Сарапта жасату керек, мүрдені беріңіз деп сұрадық. “Егер короновирустан қайтқан болса, басқаша жерлейміз, ал отрицательный результат шықса, сараптама жасатуға болады, ал анализ дайын болмай, беруге қақымыз жоқ”-деген жауап естідік. Түскен кездегі диагнозын сұрадым. Түскеніне 6 күн болыпты. Содан бері неге анализ алмаған? “Двусторонняя пневмония, тяжелая степень. Дыхательная недостаточность 3-ей степени”-деді. Түсіріп, ватсаптан жіберуді сұрап едік, уақыты жоқтығын айтты..Анализ нәтижесін күткеннен басқа амал жоқ. Айша әпкені сабырға шақырыңыздаршы, жағдайы қиын..? Ағаны қатты жақсы көруші еді, “құлағына айқайлаймын, өлуі мүмкін емес, ол комада жатыр. Кеше түнде алып кетуім керек еді”-деп, өзін кінәлап жатыр..Қалай жұбатарымызды да білмейміз..Терезеден қанша өліктерді алып шығып жатқанын көріп, жаман болып тұрмын мен де..? Халқыма сабыр берсінші, Алла!!! Қазір сәл өзіме келейін, мән-жайды толық жазам.." деді заңгер әлеуметтік желідегі парақшасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір