• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:11:59
Алматы
+35°

Амандық Баталов тұрғындарға жиналыс өткізіп жатыр

Алматы облысы Ұйғыр ауданында болған төбелес жолға таласудан басталған. Бұл ақпартты Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел хабарлады.   

"16 маусымға қараған түні Шонжыдан (Ұйғыр ауданының орталығы) келе жатқан екі көлік жолға таласып, арты төбелеске ұласқан. Бұл – жастар арасындағы бұзақылық. Олардың бәрі 1999-2000 жылы туған жігіттер. Бес адам сол төбелесте пышақталған. 2 адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. 1 адам хирургия бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта 3 адам аталған аурухананың хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайлары тұрақты" деді Жүкел.

Оның сөзінше, осы оқиғадан кейін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Ұйғыр ауданына барған, қазір тұрғындарға жиналыс өткізіп жатыр. 

"Облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына бірінші барды. Ізінше облыс әкімі Амандық Баталов та жетті. Дәл қазір аудандық әкімдікте жиналыс өтіп жатыр. Оған ауыл ақсақалдары,  ел ағалары және жастар жиналып, мәселені талқыға салып жатыр. Қос тарапқа мұндай жағдайға жол бермеу керек екені айтты. Жастардың арасына іріткі салып жүрген үшінші топтың бар екені айтылды. Сол бойынша құзырлы органдар тиісті тексеру жүргізеді" деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ұйғыр ауданы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір