04 Маусым, 2020 NEWS
The New York Post
"Сәрсенбі күні кешке Нью-Йорк қаласы Бруклин ауданында екі полиция қызметкері оққа ұшты, ал үшіншісі пышақталды. Бұл туралы Қамшы тілшісі The New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Оқиға Флатбуш даңғылында сағат 11:45-те болған. Оқиға орнына бірнеше полиция қызметкері жетіп, күдіктінің қару-жарағын тартып алды" деп жазды басылым.
"Полиция қызметкерлері өмірге қауіп төндірмейтін жарақаттармен Кингс Каунти ауруханасына жеткізілді" дейді жергілікті билік өкілдері.
Күдікті қамауға алынған. Нью-Йорк полиция департаменті комиссары Дермот Ши атыс туралы баспасөз конференциясында "бұл ешқандай қорғалмаған полиция қызметкеріне жасалған шабуыл" деп мәлімдеген.
– Менің ойымша, біз бәріміз шаршадық, біз бұл зорлық-зомбылықты тоқтатуымыз керек, – деген Дермот Ши.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір